16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

Құрметті тимирязевтіктер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, береке-бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, Тәуелсіздігіміз тұғыры биік болсын!

 А.С. Асанова,
Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы