
Бүгін, 15 маусымда, Қостанай қаласында Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің арасында шахматтан Senat Open III ашық кубогының жартылай финалы (солтүстік өңір) өтті. Турнир Қостанай облыстық мәслихаты мен Қостанай облысы бойынша Қазақстан шахмат федерациясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты аймақта шахматты дәріптеуге және интеллектуалды спортты дамытуға бағытталған жарыстың негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Бұл бастамаға әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар да қолдау көрсетті.
Турнирге Тимирязев ауданының құрамасы да қатысты, оның құрамына аудандық мәслихат депутаты М.А. Уәйісов, мәслихат аппаратының басшысы Р.Қ. Жадгеров және қоғамдық өкіл Ж.З. Қапезов кірді.
Турнир қорытындысы бойынша тимирязевтіктер 26 маусымда Астана қаласында өтетін финалға өтті. Құттықтаймыз!