
Аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен және Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ.Жаровтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті XXXVI сессиясы өтті. Отырыстың басты тақырыбы 2025 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері болды.
Сессия барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Е. Қарабековтің, аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановтың, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Аудандық мәслихаттың бюджет, салық және қаржы, экономика салаларын және инфрақұрылымды дамыту, экология және кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындысымен оның төрағасы М.А. Уәйісов таныстырды.
Ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша депутаттар корпусы есептерді бірауыздан бекітті.
Бұдан бөлек, депутаттар «Тимирязев ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 шешіміне өзгерістер енгізді. Сондай-ақ сессияда Тимирязев ауданының аудандық, учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.