Қауіпсіздік және алдын алу – кездесудің басты тақырыптары

Қауіпсіздік және алдын алу – кездесудің басты тақырыптары

Бүгін Ақсуат ауылының мәдени-сауықтыру орталығында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ауданның ауылдық елді мекендерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі отырысы өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Ақсуат, Белоградов, Дзержинский және Мичурин ауылдық округтеріне жетекшілік ететін учаскелік полиция инспекторының жұмысы болды.

Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова, депутаттар, ауылдық округ әкімдері, полиция бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қ. Байдалина, ардагерлер ұйымдарының төрағалары, «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, әлеуметтік педагогтар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар құқық бұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтық пен мал ұрлығының алдын алу шараларын, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және полицияның халықпен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Полиция капитаны, учаскелік инспектор М.С. Станков баяндама жасап, жиналғандарды ауылдық округтер аумағындағы жедел ақпарат, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар және қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар учаскелік инспекторлар қызметінің тиімділігін арттыруға, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге және ауылдық жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарды білдірді.

Көшпелі отырыс барысында жиналған материалдар мен ұсыныстар 28 мамырда тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралмақ.