
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова Тимирязев қазақ мектеп-интернатына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылыту кезеңі аяқталуға жақын болса да, келесі маусымда үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шараларды қазірден бастап уақтылы қолға алу қажет.
Айта кетейік, өткен жылы аталған оқу орнында модульдік қазандық орнатылған болатын. Алайда, оны пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, қазандықтың орнатылуы ғимаратты жылумен қамтамасыз етудегі барлық мәселелерді толық шеше алмады.
Сапар қорытындысы бойынша алдағы жылыту маусымында жылу жүйесінің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін қосымша қарауды, техникалық шешімдер қабылдауды және тиісті қаржы бөлуді талап ететін бірқатар мәселелер анықталды.