
Тимирязев аудандық мәслихатының XXXIV кезектен тыс сессиясын шақыру және өткізу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу қажеттігін негіздей отырып жолданған хаты себеп болды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Е. Мұстафина атап өткендей, өзгерістер мереке күндері мен атаулы күндерге жасалатын төлемдер тәртібіне қатысты. Атап айтқанда, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға төлемдер 26 сәуір – Чернобыль апатын еске алу күніне, ал мүгедектігі бар балаларға 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылып төленетін болады.
Ұсынылған өзгерістерді депутаттар бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, сессия барысында бірнеше учаскелік сайлау комиссияларының құрамына түзетулер бекітілді.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаева, сондай-ақ бірқатар аудандық мекемелердің басшылары қатысты.