Округ тұрғындарымен есептік кездесу

Округ тұрғындарымен есептік кездесу

№ 2 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаты С.С. Мұстафин Дмитриевка ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында депутаттық жұмыс туралы айтып, ауылдық округтің өзекті мәселелерін сайлаушылармен талқылады. 

Тұрғындар абаттандыру, жолдардың жай-күйі мәселелеріне ерекше назар аударып, пайлардың уақтылы төленбеуіне наразылықтарын білдірді. Аталған проблемаларды шешу үшін депутат тиісті мемлекеттік органдарға ресми сауалдар жолдауға ниетті.

«Округімнің тұрғындарымен ашық диалогқа түсу - бұл менің жұмысымның негізі және кері байланыс алу үшін халықпен қарым-қатынас жасау ғана емес, сонымен қатар олардың жеке басына не әсер ететінін білу мүмкіндігі. Мұндай кездесулер әр депутаттың жұмысындағы өте маңызды әрекет. Адамдар алдындағы мұндай емтихан депутаттардың қызметін ашық етеді және сайлаушыларға жұмыстың нақты нәтижелерін көруге мүмкіндік береді», - деп есептейді Сабыр Мұстафин.