
Бүгін салтанатты жағдайда, қоғам өкілдерінің қатысуымен аудан әкімі Е.Қ. Жаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат депутаттары Р.Б. Даироваға, Ә.К. Мырзалинаға, С.С. Мұстафинге және М.А. Уәйісовке Алғыс хаттар табыс етті.
Бұл жоғары марапат олардың жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы және Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге қосқан елеулі үлестерінің лайықты бағасы болды.
Маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз, жігерлеріңіз бен жанашырлықтарыңыз әрдайым қоғам игілігіне қызмет ете берсін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа табыстар мен еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге шабыт тілейміз!