Тиісті шешімдер қабылданды

Тиісті шешімдер қабылданды

А.С.Асанованың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXIII сессиясында депутаттар аудан бюджетін және бірқатар ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау мәселелерін қарады.

Аудандық бюджетті түзету Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес жүргізілді. Бұған «Тимирязев ауданының кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру және мемлекеттік тіркеу туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 36 қаулысы негіз болды. Осы құжат шеңберінде Есіл ауылдық округі Ақсуат ауылдық округіне, Ленин – Мичурин ауылдық округіне, Целинный – Хмельницкий ауылдық округіне қосылды.

Бюджетті нақтылаудың негізгі көзі трансферттерді қайта бөлу болды. Атап айтқанда, Есіл ауылдық округінің субвенциялары қысқартылып, Ақсуат ауылдық округіне жіберілді; Ленин ауылдық округінің субвенциялары азайтылып, Мичурин ауылдық округінің пайдасына қайта бөлінді; Целинный ауылдық округінің субвенциялары да қысқартылды және Хмельницкий ауылдық округіне қайта бөлінді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазанов, бірқатар аудандық мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері қатысты.