Жоспарлы түрде

Жоспарлы түрде

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІ сессиясы жұмыс жоспары шеңберінде заңнамада көзделген бірқатар мәселелерді қарады.

 

Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы қызметі туралы есепті оның төрағасы А.С. Асанова, тұрақты комиссиялардың төрағалары – А.В. Кашин, М.А. Уәйісов ұсынды.

Күн тәртібі шеңберінде депутаттар аудандық бюджетке, сондай-ақ бірқатар ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы №16/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ, Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның және терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді.

Сессия жұмысына аудан әкімі Е.Қ. Жаров, ауылдық округ әкімдері және бірқатар аудандық мекемелердің басшылары қатысты.

 

Осы күні тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді, онда сессияға енгізілген мәселелер алдын ала қаралды.