Аудандық білім бөлімінің ұжымында конституциялық реформаны талқылады

Аудандық білім бөлімінің ұжымында конституциялық реформаны талқылады

Аудандық білім бөлімінде ұжыммен кездесу өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа жобасы болды. Аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова білім саласы қызметкерлеріне саяси реформалар туралы жан-жақты баяндап берді. Қатысушылар алдағы конституциялық реформаның мәселелерін талқылады. Олар азаматтардың құқықтары, заңнамадағы өзгерістер және әлеуметтік түзетулер жайында пікір алмасты.

Айман Асанова жаңа Конституция жобасында білім беру саласына қатысты маңызды өзгерістер ұсынылғанын атап өтті. Мемлекет әрбір баланың бастауыш және орта білімді тегін алу құқығын кепілдендіріп, оны заң жүзінде бекітуді көздейді. Бұл білім деңгейлері еліміздің барлық азаматтары үшін міндетті болып қала береді.

Реформаның басты тармақтарының бірі – мемлекеттік оқу орындарына қолжетімділік. Жаңа ережелерге сәйкес, әрбір азамат конкурстан сәтті өткен жағдайда жоғары білімді тегін ала алады. Сонымен қатар, жекеменшік колледждер мен жоғары оқу орындары ақылы негізде жұмысын жалғастырады. Елдегі барлық білім беру мекемелері бірыңғай стандарттарды қатаң сақтауға міндетті болады.

Мұндай шаралар жастар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Мемлекет білім сапасы мен оның қолжетімділігіне жауапкершілік алады. Бұл әртүрлі отбасынан шыққан балаларға өмірде лайықты бастау алуға мүмкіндік береді.