Мәжіліс депутаттарының Тимирязев ауданына жұмыс сапары

Мәжіліс депутаттарының Тимирязев ауданына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.Н. Мәмбетов және Д. В. Колода Тимирязев ауданына жұмыс сапарымен келді. Олармен бірге сапарға «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ж.М. Асанов қатысты.

Аудан әкімі Е.Қ. Жаров, аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.Е. Тілеуппен бірге депутаттар ауданның негізгі әлеуметтік нысандары – аудандық аурухана мен С. Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына барды. Тексеру барысында мекемелерді күрделі жөндеу және жаңғырту қорытындылары ұсынылды.

Оқу орнының материалдық-техникалық базасын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп-гимназия директоры М.Ф. Иванова атап өткендей, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының қолдауымен мектепке 250 млн. теңге бөлінген. Осы қаражат есебінен заманауи оқу кабинеттері, соның ішінде робототехника кабинетімен біріктірілген STEM-зертхана, екі информатика кабинеті, технология және бастауыш сыныптар кабинеттері, сондай-ақ мобильді бейнестудия, арт-студия жабдықталып, акт залы жаңартылған. Сонымен қатар, педагогтарды жаңа жабдықтармен жұмыс істеуге оқыту жүргізілуде екен.

           Сапар аясында депутаттар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың, сондай-ақ халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады.

           Жұмыс сапары азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды, оның барысында аудан тұрғындары депутаттарға толғандыратын мәселелермен жүгініп, ұсыныстар енгізіп, қажетті түсініктемелер ала алды.