Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

Тимирязев агротехникалық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысын шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова салтанатты шараның қонағы болды.

Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Айман Асанова Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған 2025 жылды еңбек адамына деген жаңа көзқарастың бастауы және ауданның кәсіптік білімін жаңғыртудағы маңызды кезең болды деп атап өтті.

Тимирязев агротехникалық колледжінің ұжымына – өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.

Күнделікті еңбегі, шыдамдылығы мен педагогикалық даналығы студенттерге кәсіпті игеріп қана қоймай, өз бейімділігін, қабілетін табуға көмектесетін оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне ерекше ризашылықтарын білдірді.

Өз сөзін аяқтай отырып, Айман Серікқызы колледж ұжымына жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт, талантты және ынталы студенттер, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға еш кедергісіз жетуді тіледі.