Сессиямен жыл аяқталды

Сессиямен жыл аяқталды

Аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановтың, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен ағымдағы жылды қорытқан аудандық мәслихаттың кезекті XXXI сессиясы өтті.

Депутаттар негізгі қаржылық құжат – алдағы үш жылға арналған аудан бюджетін талқылауға баса назар аударды.

 Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қ. Қожахметова өз баяндамасында айтқандай, шығындар бойынша 2026 жылға арналған аудандық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 2 млрд. теңгеден асады.

Республикалық және облыстық бюджеттерден түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің, сондай-ақ нысаналы трансферттердің болжамын ескере отырып қалыптастырылған аудандық бюджет шығыстар бөлігінде әлеуметтік бағдарын сақтайды.

Осылайша, 400 млн. теңге халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруға бағытталмақ. Ағымдағы жылы Тимирязев ауылында су қысымы құрылыстарының тарату желілері мен алаңының, сондай-ақ Мичурино ауылында су құбырының тарату желілерінің құрылысы басталған болатын.

Басым міндеттердің бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Жолдарды жөндеуге 370 млн. теңге бағытталады. Қаражат аудан орталығы мен Дмитриевка ауылының кентішілік жолдарын, сондай-ақ «Тимирязев – Докучаево» және «Тимирязево-Целинное» аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге көзделген.

Абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Хмельницкое ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеуге 2 млн. теңгеден астам қаражат жоспарланған. Ақсуат ауылында жасанды жабыны бар шағын футбол алаңын орнатуға 20 млн. теңге қарастырылған.

Жалпы, осы және басқа да қаржылық инвестициялар Тимирязев ауданы тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

Ауданға қаржы тарту бойынша атқарылған жұмыстар үшін атқарушы органдарға ризашылығын білдіре отырып, депутаттар бірауыздан бекітілген бюджеттің сапалы игерілуін тіледі.

16 ауылдық округтің бюджеттерін қарап, жалпы мақұлдағаннан кейін депутаттар шешім жобаларын Әділет министрлігімен келісу рәсімі аяқталғанға дейін сессия жұмысында үзіліс жариялап, оларды бекіту мәселелерін ашық қалдырды.

Пленарлық отырыс барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қ. Қожахметова «2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік  қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін  әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» шешім жобасын бекітуге ұсынды. Сонымен қатар, жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Қ. Қасенов ұсынған «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешім жобасы бекітілді.

2026 жылы аудандық мәслихат депутаттары мен аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шешімдер қабылданды.

Осы күні сессия қарсаңында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетін және ауылдық округтердің бюджеттерін алдын ала қарауға баса назар аударды. Талқылаудан кейін тиісті шешімдердің жобалары аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілді.