VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХХI сессиясы 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- Тимирязев аудандық мәслихатының депутаты Н.А. Усенковтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
- 2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы;
- 2026-2028 жылдарға арналған Тимирязев ауданы ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы (алфавиттік ретпен);
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы;
- 2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы;
- Аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова болмаған кезеңде оның өкілеттігін жүктеу туралы;
- «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ құрылымы, штат саны және аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қаржыландырудың 2026 жылға арналған жеке жоспары туралы;
- 2026 жылы Тимирязев аудандық мәслихатының сессияларына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі туралы;
- «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Тимирязев ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 22/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Осы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 10.00-де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жоспарланған.