Лауреаттар қатарында

Лауреаттар қатарында

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Е.Қ. Жаров құттықтады.

«Парыз 2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі облыстық конкурсқа қатысқаны үшін дипломмен аудандық мәслихат депутаты, шаруа қожалығының басшысы Н.А. Усенков марапатталды.

Николай Алексеевичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Ауыл шаруашылығын дамыту мен туған өлкеге қызмет ету ісінде толағай табыс, зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен сарқылмас қуат тілейміз.