Кезектен тыс 30 сессия

Кезектен тыс 30 сессия

Аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен, Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXX сессиясы өтті.

Отырыс барысында депутаттық корпус «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатына Есіл, Ленин және Целинный ауылдық округтерін тарату және есептік деректерден шығару туралы ұсыныстар енгізуге шешім қабылдады.

Бұдан басқа, аудандық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген құқықты пайдалана отырып, шағын және орта бизнесті қолдау туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің (АСР) ставкасы 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілетін болады. Сондай-ақ, депутаттар өз шешімдерімен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізді.