
Аудандық мәслихат депутаттары А.С. Асанованың төрағалығымен өткен кезектен тыс XXIX сессияда ағымдағы жылы аудан бюджеті мен Ақсуат, Дмитриев, Докучаев, Тимирязев, Целинный ауылдық округтері бюджеттерінің соңғы нақтылауларын қарап, бекітті.
Отырыс барысында халық қалаулылары Тимирязев ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді. Бұдан басқа, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомство аралық комиссияның дербес құрамына, сондай-ақ бірнеше округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына түзетулер бекітілді.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары М.М. Жұмабаева, сондай-ақ бірқатар аудандық мекемелердің басшылары қатысты.