Аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
- Тимирязев аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
- «2025-2027 жылдарға арналған Тимирязев ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 06 мамырдағы № 24/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4-19. Ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
- «Аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 18/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 9/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Осы күні сағат 10.00-де әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын өткізу жоспарланған.