«Ауыл – ел бесігі» – бағдарламасы әрекетте

«Ауыл – ел бесігі» – бағдарламасы әрекетте

Тимирязев ауданында жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, тұрақты комиссиялардың төрағалары О.Г. Клишина және С.Қ. Сұрағанова болып қайтты.

Сапардың мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу.

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын негізгі объектілердің бірі Тимирязев ауылында ұзындығы 35 шақырымнан асатын электр беру желілерін салу жобасы болып отыр. Бүгінгі таңда 1300 тірек орнатылған, жұмыс кестесіне сәйкес келесі жылы да бұл жалғаспақ.

Депутаттар әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне ерекше назар аударды. С. Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясында олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына, жүргізілген күрделі жөндеудің сапасына, оқу кабинеттерінің, спорт залы мен ас әзірлейтін бөлігінің техникалық жарақтандырылуына, ыстық тамақты ұйымдастыруға және мектеп жанындағы аумақты абаттандыруға баға берді.

Облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова бюджет қаражатының едәуір бөлігі білім беру және денсаулық сақтау салаларына бағытталғанын, сол себепті әрбір теңгенің тиімді және адамдар үшін нақты пайдамен жұмсалуы маңызды екенін атап өтті.

Барған объектілердің қатарында аудандық аурухана да бар, онда облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, блоктық-модульдік қазандық орнатылған.

Мичурино ауылында депутаттар өткен жылы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында салынған медициналық пунктке барды. Объект Денсаулық сақтау министрлігінің облыстық ТКШ басқармасымен бірлесіп әзірлеген үлгілік жобасы бойынша тұрғызылды. Медициналық пунктте барлық қажетті үй-жайлар қарастырылған: емдеу және егу кабинеттері, ересек тұрғындарды қабылдау кабинеті, тексеру бөлмесі, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған үй-жай, сондай-ақ техникалық және тұрмыстық аймақтар.

Сондай-ақ, депутаттар Ақсуат мәдени — сауықтыру орталығында болды, онда тренажер залы, акт залы және ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі комиссиясының төрағасы Ольга Клишинаның пікірінше, мұндай объектілерді дамыту ауыл тұрғындарының оқуы, бос уақыты мен мәдени өмірі үшін қолайлы және заманауи ортаны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Сапар қорытындысы бойынша депутаттар ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне қанағаттанушылықтарын білдіріп, көрген өзгерістерге оң баға берді.