Жаңа оқу жылымен! 

Жаңа оқу жылымен! 

Бүгін Агротехникалық колледж кәсіптік білім алу жолына аяқ басқалы отырған студенттерге есігін айқара ашты.

Осы мереке күні жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның құрметті қонағы аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова өзінің құттықтау сөзінде оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтап, сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті, студенттерге таңдалған мамандықтарды игеруде толағай табыс тіледі.

«Бүгін біреу үшін – алғашқы және өте жауапты білім күні. Ал бірінші курс студенттері үшін бұл тәуелсіз, ересек өмірдің бастауы. Сіздер енді мектеп оқушылары емессіздер. Мұнда мамандық пен жұмысқа жолдама алу үшін келдіңіздер. Ендігі жерде әр іс-әрекеттеріңізге байсалды және жауапты болыңыздар.

Жаңа оқу жылымен, жаңа кәсіби жаңалықтармен, жаңа біліммен құттықтаймын! Өздеріңізге сеніңіздер, алға жаңа мақсаттар қойыңыздар және оларға міндетті түрде жетесіздер! 

Құрметті ұстаздар, тәлімгерлер, өндірістік оқыту шеберлері! Сіздерге сарқылмас қуат, шыдамдылық, шабыт және сіздерді күн сайын өз білімімен қуантатын білгір студенттер тілеймін!» — деді Айман Серікқызы өз сөзінде.

Жаңа оқу жылы баршаңыз үшін жеңістерге, жаңа бастамаларға толы жыл болсын!