Жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектептердің дайындық мәселесі бірінші орынға қойылады. Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова, депутат А.В. Кашин, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м. а. С.Қ. Симомбаева Тимирязев ауданындағы 17 мектептің 3-нің ағымдағы жағдайымен танысу және олардың оқушыларды қабылдауға дайындығын тексеру үшін барып қайтты.
Целинный, Москворецк, Комсомол мектептеріне барып, депутаттар оқу процесінің басталуына дайындық қалай жүріп жатқанына көз жеткізді, бірқатар маңызды қырларына назар аударды. Қауіпсіздік жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, асханалардың, спорт алаңдары мен дәретханалардың санитарлық жағдайы тексерілді. Жылыту маусымына дайындық мәселесі де назардан тыс қалмады – қазандықтардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылды.
Мониторинг барысында кейбір мектептерде шешуді қажет ететін проблемалар анықталды. Депутаттар оларды бақылауға алып, тиісті ведомстволарға нақты ұсыныстары бар депутаттық сауалдар дайындады.
Мұндай жұмыс – оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастырудың нақты қадамы. Мектептердің мониторингі алдағы күндері басқа да ауылдық округтерде жалғасын таппақ.
Мектептерді аралау кезінде депутаттар Целинный ауылдық округінің инфрақұрылымында болған таңғажайып өзгерістерді, атап айтқанда, Целинное ауылына кіреберіс жол жөндеуден кейін қалай өзгергенін атап өтті. Жаңартылған жол енді көзді қуантып қана қоймай, ауылға баруды едәуір жеңілдетуде, ыңғайлы және жайлы етуде.