Тимирязев аудандық мәслихатына Тимирязев ауылының тұрғындарынан жол төсемін бейіндеу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініштер бірнеше рет келіп түскен болатын.
Қазіргі уақытта Тимирязев ауылдық округінде жол жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Мамандандырылған техника Первомайская көшесіндегі жолды тегістеп, тығыздауда. Осыған ұқсас жұмыстар Дорожная, Комаров және Олимпийская көшелерінде жүргізілген.
Бейіндеу жолдардың жағдайын едәуір жақсартуға және қауіпсіз әрі жайлы көлік қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.