Медициналық пойыз Ақсуатқа келді

Медициналық пойыз Ақсуатқа келді

«Медициналық поездар» әлеуметтік маңызы жоғары ауқымды жобаның іс жүзінде жүзеге асырылуына Тимирязев ауданының тұрғындары көз жеткізе алады – Ақсуат станциясына «Саламатты Қазақстан» поезды келді, ол мұнда 7-8 тамыз күндері болады.

Поезд заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен (УДЗ, флюорографиялық аппарат және т.б.), зертханамен жабдықталған. Халыққа тегін медициналық қызметтердің кең көлемі ұсынылады – терапевт, хирург, педиатр, психолог, ересектер және балалар невропатологы, УДЗ маманы, рентгенолог, кардиолог, ересектер және балалар стоматологы, ересектер және балалар офтальмологы, ересектер және балалар отоларингологы, гинеколог сияқты негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарында тексерілу және емделу.

Біздің шалғай өңіріміздің тұрғындарына қажетті акцияны алғашқы клиенттердің қатысуымен аудан әкімі Е.Қ. Жаров, аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова, аудандық аурухана директорының м.а. Д.Қ. Камиров, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қ. Байдалина, Тимирязев ауылдық округі Ардагерлер кеңесінің бастапқы ұйымының төрағасы Л.В. Квасова, сондай-ақ осы іске өздерінің жарқын концерттік номерлерін арнаған жергілікті көркемөнерпаздар әртістері қарсы алды.

Бұған қоса, жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Самұрық — Қазына» АҚ компаниялар тобы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан «Samruk — Kazyna Trust» қорының серіктестігі арқасында іске асырылып отырғанын айта кеткен жөн.