Бейнебақылау орнату: қауіпсіздікті арттыруға бағытталған қадам

Бейнебақылау орнату: қауіпсіздікті арттыруға бағытталған қадам

Тимирязево ауылында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары аяқталды.

Аудан орталығындағы екі мектептің маңында, Элеваторный кентінде, орталық ауруханасының тұрақ алаңында, Мәдениет үйі алдындағы алаңда, су мұнарасының жанында, сондай-ақ Жеңіс, Плетнёв, Абай және Целинная көшелерінің қиылыстарында — халық көп жиналатын және маңызды қоғамдық орындарда — он заманауи бейнекамера іске қосылды.

Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.

Бейнебақылау жүйесінің арқасында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, қоғамдық тәртіпті бақылау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мүмкіндігі артады.

Камералардан алынған сигналдар нақты уақытта полиция бөлімшесінің кезекші пультіне жіберіледі, бұл мүмкін болатын оқиғаларды тиімді тергеуге жол ашады.

Жаңа жүйе тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сенімді көмекші болады деп үміттенеміз.