Аудандық мәслихаттың А.С. Асанованың төрағалығымен өткен XXVI кезектен тыс сессиясында аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді. Талқылауға аудан әкімінің орынбасары М. М. Жұмабаева қатысты.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қ. Қожахметова депутаттардың қарауына аудан бюджетіне болжамды өзгерістерді атап өтті. Ол кейбір жобаларға қаржыландыру қаражатын қысқарту бойынша ұсыныстарды жеткізіп, сонымен бірге әлеуметтік нысандарды жөндеу және абаттандыру, жылыту маусымын дайындау үшін қаражат қарастырылғаны туралы айтты. Сонымен қатар, су құбыры желілері мен су қысымы құрылыстарын жөндеуді қаржыландыру қарастырылды.
Жан — жақты талқылаудан кейін депутаттар ұсынылған түзетулерді бірауыздан бекітті.
Сондай-ақ, халық қалаулылары Тимирязев ауданын басқару схемасын, аудандық жер комиссиясының және Тимирязев ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жеке құрамдарын бекітті.