Басымдықта – ауылдықтар мәселесі

Басымдықта – ауылдықтар мәселесі

Аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың ауылдық округ тұрғындарымен есептік кездесулері билік пен халықтың өзара іс-қимылының маңызды элементі болып табылады. Бұл атқарушы биліктің атқарған жұмысы және аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары туралы білу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әркім өз сұрақтарын, мәселелерін және ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын айта алатын ашық диалог алаңы. Сондықтан тұрғындар мұндай іс-шараларды әрдайым күтеді және оларға белсенді қатысады.

Осы іспеттес кезекті кездесу бүгін Ақсуат және Есіл ауылдарының тұрғындарымен өтті, оған аудандық мәслихаттың төрағасы А.С. Асанова, сондай-ақ бірқатар уәкілетті органдардың өкілдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Ақсуат ауылдық округіндегі кездесу барысында тұрғындар қазіргі уақытта оларды мазалайтын мәселелерді қозғады. Мәселен, Ақсуат ауылының зейнеткері өзінің жеке ауласына су тарту туралы өтініш білдірді, сондай-ақ жолдарды тегістеуге қатысты мәселелер де айтылды.

Есіл округінің тұрғындары жаңа өзекті тақырыптарды көтерген жоқ. Бүгінгі күні округте негізгі әлеуметтік мәселелер шешімін тапты десе де болады – жол инфрақұрылымын, сумен қамтамасыз етуді және көшені жарықтандыруды жақсарту қатысында едәуір жұмыс көлемі атқарылды. Өткен жылы аудандық маңызы бар Есіл-Ақсуат жолына орташа жөндеу жүргізгені үшін аудан әкімі Е.Қ. Жаровқа алғыс сөздері айтылды.

Қазіргі уақытта есілдіктер қысқы кезеңге белсенді дайындық жүргізуде – олар отын, шөп және көмірмен қамдануда.