Табиғатқа қамқорлық жасау сенбілігі

Табиғатқа қамқорлық жасау сенбілігі

Аудандық мәслихат аппаратының төрағасы А.С. Асанова бастаған ұжым «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.

Қызметкерлер бұл іске бар ынта-жігермен кірісті: жол жиегіндегі ағаштарды бірдейлеп кесіп, аумақты ретке келтірді, сөйтіп ашық ауада тамаша уақыт өткізді. Мұндай іс-шаралар  ауданымызды таза әрі жайлы етіп қана қоймай, адамдарды игі істің айналасына жұмылдырады.