VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХV сессиясы 2025 жылғы 4 маусымда сағат 9.00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияда қарауға мына мәселелер енгізіледі:
- 2024 жылғы Тимирязев ауданы бюджетінің атқарылуы туралы;
2-17. 2024 жылғы Тимирязев ауданы ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы;
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылының және ауылдық елді мекендерінің жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Тимирязев аудандық мәслихатының кезекті ХХVI сессиясының күн тәртібі туралы.
3 маусымда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сағат 15.00-де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы жоспарланған.