Астанада Қырғыз Республикасының делегациясы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәжірибе алмасты ТЕСТ

Астанада Қырғыз Республикасының делегациясы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәжірибе алмасты ТЕСТ

Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Қанат Сағынбаевтың жетекшілігімен келген делегация Астананың Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөліміне арнайы сапармен барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қонақтарды қарсы алу рәсімі орталықтың жұмысымен таныстырудан басталды. Экскурсияны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Жолаушыұлы жүргізіп, мекеменің негізгі қызмет бағыттары мен жетістіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді.