2021 жылдан бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жаңа форматта жүзеге асырылады. Бұл рәсім конкурстық рәсімдерді ашық өткізуді қамтамасыз етуге және мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.
Толық жинақталған мектептерде, балабақшаларда және қосымша білім беруде барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізіледі. Тек шағын жинақталған мектептер ғана ерекшелік болып табылады.
Маңызды! 2024 жылдың сәуір айынан бастап педагогтерді қабылдау жаңа модуль іске қосылған ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ) арқылы жүргізіледі.
Білім беру ұйымына жұмысқа орналасқысы келетін барлық педагогтер құжаттарды автоматтандырылған жүйе арқылы тапсыруы тиіс.
Сіз тіркеуден қалай өту керектігін және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру үшін сілтеме бойынша өтуіңізге болады https://www.youtube.com/watch?
Кеңесті келесі телефон нөмірлері бойынша алуға болады.
8 718 33 24 8 09 Қабылдау бөлімі