
Сыни ойлау және философия пәндері бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектепшілік кезеңнің 7 жеңімпазы қатысты. Аудандық кезең тапсырмалары ағылшын тілінде ұсынылып, арнайы smart daryn платформасында ұйымдастырылды. Аудандық кезең қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 6 оқушы жолдама алды: Нургожина Ақсана (Қ. Оспанова атындағы N3 ЖББОМ 11-сынып оқушысы), Сулейменова Дарина (Байқоныс ЖББОМ 11-сынып оқушысы), Энгельман Эвелина (Береговая ЖББОМ 9-сынып оқушысы), Қанатбек Ерасыл (А.Н. Елгин атындағы N1 ЖББОМ 10-сынып оқушысы), Кирильченко Радмир (Береговая ЖББОМ 10-сынып оқушысы), Сембек Айсұлу (Томарлы ауылының ЖББОМ 9-сынып оқушысы). Құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!