Теректі аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Теректі аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 20 наурызында А. Нұрғалиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 22-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде алты мәселе қаралды. Алдын ала барлық мәселелер мұқият зерделеніп, тұрақты комиссияның бірлескен отырысында талқыланды. Алдымен депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізуді бекітті. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары көктемгі су тасқынына дайындық туралы есеп берді, Сондай-ақ, Теректі және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері егжей-тегжейлі талқыланды.

онлайн трансляцияға сілтеме