2023 жылғы 30 мамырда Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен Facebook желісінде тікелей эфирде Теректі аудандық мәслихатының кезекті 5-ші сессиясы өтті.

2023 жылғы 30 мамырда Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен Facebook желісінде тікелей эфирде Теректі аудандық мәслихатының кезекті 5-ші сессиясы өтті.

2023 жылғы 30 мамырда Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен Facebook желісінде тікелей эфирде Теректі аудандық мәслихатының кезекті 5-ші сессиясы өтті.Күн тәртібінде он мәселе қаралды:

  1. Теректі ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы;
  2. Теректі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;
  3. Теректі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 25-2 «Теректі ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №31-1 «Теректі ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. 2022 жылға арналған аудан бюджетінің және Теректі ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы;
  6. Ауданның елді мекендерін ауыз сумен, газбен және жарықпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
  7. Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 тамыздағы №9-16 «Теректі аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. «Теректі аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы»
  9. Теректі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 маусымдағы 23-6 «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық консультативтік- кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  10. Теректі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы №11-11 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.