17 января 2023 года прошла внеочередная 32 cессия районного маслихата

17 января 2023 года прошла внеочередная 32 cессия районного маслихата

2023 жылғы 17 қаңтарда аудандық мәслихаттың 32 кезектен тыс сессиясы өтті

Теректі аудандық мәслихатында Нұрғалиев Әлжан Жақсыгерейұлының төрағалығымен 32 кезектен тыс сессия өтті.

Сессияда қаралды:

- ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу;

- аудандық округтік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру;

- аудандық мәслихат хатшысы лауазымының атауын өзгерту;

- кейбір елді мекендері аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту;

- ауданның және ауылдық округтердің үш жылдық бюджетіне өзгерістер енгізу.

 

Кезектен тыс сессия жұмысына аудан әкімі Ғабдушев Тілекқабыл Александрович, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, жұртшылық өкілдері, бөлім басшылары және БАҚ  қызметкерлері қатысты.

Сайлау комиссиясының мәселелері бойынша мәслихат сессиясының шешімдерімен саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қаралғаннан кейін сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ округтік сайлау комиссиясының құрамы қалыптастырылды.

2023 жылдың басына арналған ауылдық округтер бюджеттерінің бос қалдықтарын бөлу мәселесі бойынша - депутаттарды ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова хабардар етті

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, мақұлданды, сондай-ақ олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.