Теректі ауданының орталығы Теректі ауылына Парламент Сенатының депутаты Л.Рысбекова іссапармен келді.

Теректі ауданының орталығы Теректі ауылына Парламент Сенатының депутаты Л.Рысбекова іссапармен келді.

2023 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы БҚО Теректі ауданына іссапармен келді. Онымен бірге облыстық мәслихаттың төрайымы – Б.Қонысбаева, аудандық мәслихаттың төрағасы А.Нұрғалиев, Теректі ауданының әкімі – Т.Ғабдушев, құрылыс бөлімінің басшысы Антазиев А.С., орталық аурухананың  директоры– Д.Хайрушев және т.б.болды.

Олар Теректі ауылында салынып жатқан жаңа емхананың құрылысымен танысты. Құрылыс мәселелерін талқылау кезінде, құрылыс компаниясының өкілдері «Егер қаржыландыру болса, құрылыс жұмыстары биыл аяқталады ма» деген сұраққа, «қаржыландыру уақытында болған жағдайда құрылыс белгіленген уақытта  аяқталады, егер қаржыландыру болмаса, жоба қымбаттай түседі, өйткені құрылыс материалдары қымбаттайды» деп жауап берді.