13 мамыр күні мәслихат аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, барлық шақырылым депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері арасында шахматтан «Senat Open» кубогының іріктеу кезеңі өтті.

13 мамыр күні мәслихат аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, барлық шақырылым депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері арасында шахматтан «Senat Open» кубогының іріктеу кезеңі өтті.

Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде депутаттар, мемлекеттік қызметшілер және қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Турнир тоғыз турдан тұрды. Біздің аудан атынан бес қатысушы қатысып, олардың біреуі финалдық кезеңге жолдама алды.

Жарыс жылдам шахмат ережесі бойынша өткізілді: әр партияға 10 минут және әр жүріске қосымша 5 секунд уақыт берілді. Турнир бір күн ішінде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысынан Ақтау қаласында өтетін өңірлік іріктеу кезеңіне қатысатын команда жасақталды. Біздің ауданнан өңірлік іріктеуге бір қатысушы қатысады.