
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
25 қарашада Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың 28 кезектен тыс сессиясы өтті.
Күн тәртібінде аудан және ауылдық бюджеттеріне
өзгерістер енгізу және аудан әкімі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды.
Бірінші және екінші мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Сарсенова тыңдалды.2025 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізу ұсыныстары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының, сондай-ақ бюджет бағдарламалардың әкімшілерінің қатысуларымен талқыландыБұдан басқа, сессияда аудан әкімі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралды