
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау
комиссияларындағы бос орындар туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімдері және БҚО аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Теректі аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларындағы бос орындар пайда болғаны туралы хабарлайды.
Жаңа сайлау учаскесінің ашылуына байланысты:- № 363- учаскелік сайлау комиссиясында 7 бос орын;Комиссия мүшелерінің санының артуына байланысты:- № 356- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;- № 360- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;- № 362- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;- № 397- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;Сайлау комиссиясының мүшелерінің кетуіне байланысты:
- аумақтық сайлау комиссиясында 1 бос орын;
- №5 округтік сайлау комиссиясында 1 бос орын;
- №10 округтік сайлау комиссиясында 1 бос орын;
- № 353- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;- № 354- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 356- учаскелік сайлау комиссиясында 2 бос орын;- № 357- учаскелік сайлау комиссиясында 3 бос орын;- № 361- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 366- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 367- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 373- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 393- учаскелік сайлау комиссиясында 1 бос орын;- № 395- учаскелік сайлау комиссиясында 5 бос орын;
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 18 қарашадан бастап 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, сонымен қатар орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат (13:00-ден 14:30-га дейін).
Теректі аудандық мәслихаты
Нургалиев Альжан Жаксигереевич -Теректі аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 үй.
Жауапты адам - Кенжегулов Булат Мухитович, тел: (871132) 23131, электрондық пошта мекенжайы: ter-maslixat@mail.ru.
Ұсынымдамаға 6-қосымша
нысан
______________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
______________________________________________ТӨРАҒАСЫНА
____________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,
______________________________________________ тұратын
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтерінің, ұялы телефонының нөмері)
Өтініш
Мен,___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының азаматы,______________________________________________________ __________________________________________________________________________ ұсынылушы (саяси партия, өзге қоғамдық бірлестік, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының атауы)
________________________________________________жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс өтілім бар _______________________________________
(иә, ___ жыл/ жоқ)
Жабылмаған немесе алынбаған соттығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымын иеленбеймін.
Парламент депутаты, басқа жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, Қазақстан Республикасының соттарының судьяларының мүшесі болып табылмаймын.
Менің ЖСН-ді құзіретті органдарға жабылмаған немесе алынбаған соттылығым, әрекет етуге қабілетсіз, әрекетін шектеу деп тану туралы соттың шешімін белгіленген заң тәртібімен анықтауға сұраныс жіберу үшін пайдалануға келісімімді беремін.
201__ жыл «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық мәліметтер:
Туған күні 19 _____ жыл «____» __________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)____________ _____________________________________________
Ұлты* _________________________________________________________________________________
Партияға мүшелігі* _____________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе айналысатын ісі ____________________________________________________
Иеленген лауазымы __________________________________________________________
Жеке куәлігінің мәліметтері __________________________________________________
(жеке куәліктің нөмері, кіммен және қашан берілді)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді ұсынамын**.
Ескерту:
*Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тәуелділігі қалауына байланысты көрсетіледі.
** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/с |
Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Ескертпе |
|
1. |
|
әкем |
|
2. |
|
шешем |
|
3. |
|
ұлым |
|
4. |
|
қызым |
|
5. |
|
аға-інілерім |
|
6. |
|
әпеке-сіңлілерім |
|
7. |
|
атам |
|
8. |
|
әжем |
|
9. |
|
немерем |
|
10. |
|
жұбайым (зайыбым) |