4 шілдеде Әлжан Нұрғалиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 24 сессиясы facebook-те онлайн-трансляциямен өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелердің бірі жер комиссиясының ережесі мен құрамын бекітуге қатысты болды.

Бұл туралы сессия қатысушыларына ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Әлихан Жарылғасов мәлім етті.

Атап айтқанда, баяндамашы жер комиссиясының құрамы ҚР Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес белгіленгенін және тура бір жылға бекітілетінін түсіндірді.

Жер комиссиясының жаңа құрамы Ережеге сәйкес комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшыны қосқанда 16 адамнан тұрады. Жаңартылған тізімге бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер кірді.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы үш ведомствоаралық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың шешімдері қабылданды.

Онлайн трансляция сілтемесі