Телекоммуникациялар комитеті Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік пошта бюросы бас директорының орынбасары Лю Цзюн мырзамен кездесу өткізді.
Кездесуде тараптар пошта байланысы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады. Негізгі қаралған тақырыптар:
Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысы саласында жүйелі әріптестік орнатуға негіз болатын Өзара түсіністік туралы меморандум жобасы қаралды.
Кездесу екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға және саланың тұрақты дамуына ықпал етеді деп күтілуде.