Қоғамдық кеңеспен кездесу

Қоғамдық кеңеспен кездесу

Телекоммуникациялар комитеті  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында байланыс саласындағы 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі жоспарлар таныстырылды. Күн тәртібінде — «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру, мобильді құрылғыларды верификациялау жүйесін енгізу, 5G желісін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және заңнамалық бастамаларды ілгерілету мәселелері қаралды.

Кездесу соңында қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Комитет өкілдері тиісті түсініктемелер беріп, алдағы уақытта да ашық әрі конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.