Семинар өткізу

Семинар өткізу

2023 жылғы 01 қыркүйекте Телекоммуникациялар комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілімен қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» және «Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру» тақырыптарына Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 55/14, С2.4 мекен-жайының 2-қабатындағы Сан-Францизко мәжіліс залында сағат 16:00-ден 16:30-ға дейін семинар өткізілді.

Іс-шара шеңберінде:

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбы бойынша - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу, сыбайластық жемқорлықпен күрес мәселелері,

- «Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру» тақырыбы бойынша - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі негізделетін қағидалары, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынастары мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметкерлердің әдебін сақтау, қызметкерлердің өз міндеттерін орындау кезінде бірінші басшылық немесе тікелей басшыларының берген тапсырмаларының заңды және қолданыстағы заңдарға/нормаларға қарама-қайшы емес екендігіне көз жеткізе отырып орындау ұсынылды.

Сондай-ақ, қызметкерлердің жұмыс барысында өзара қарым-қатынас тәсілдерін жақсартуды, мемлекеттік органдар жүйелерінде жұмыс жасауды, орындауға жататын құжаттардың басқа орындаушылардан құзыреттілігі бойынша тиісілі орындаушыларға қайта жіберу кесірінен орындау мерзімі тым қысқа немеме бұзылуы салдарынан пайда болатын дау, мүдделер қақтығысын жою және болдырмау талап етілді.

Семинар қорытындысы бойынша:

1. Телекоммуникациялар комитетінің барлық қызметкерлеріне өткізілген іс-шарада қойылған талаптар мен ұсынымдарды сақтау талап етіледі.

2. Орындау және жұмыста қолдану үшін жолданады.