ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.

Мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдыртпау мақсатында 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қарастырылды.

Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыру басталуда екені, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатыны хабарланады.

Бұл жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды айқындайды.