Телекоммуникация индустриясын дамыту және Қазақстандағы байланыс сапасын жақсарту

Телекоммуникация индустриясын дамыту және Қазақстандағы байланыс сапасын жақсарту

11 тамызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында мобильді байланысты дамытудың өзекті мәселелері жөнінде брифинг өтті.

Спикерлер ретінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы, «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Мейірманов Нұрлан Кемалұлы, «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Өзбеков Асхат Архатұлы; «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)» Бас директоры Коньков Сергей Федорович, «Beeline Қазақстан» Бас атқарушы директоры Қазақстан Настадин Евгений Иванович баяндама жасады.

«Халық тарапынан мобильді Интернетке қол жеткізу мәселесінің айрықша өзектілігін ескере отырып, министр Бағдат Мусин операторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен халық арасында ашық диалог ұйымдастыруды тапсырған болатын. Министрлік ел тұрғындарын байланыспен қамтамасыз етуге айтарлықтай кедергі келтіретін саланың іргелі проблемаларын шешу бойынша жұмыс жүргізуде. Байланыс сапасын арттыру мақсатында біз ҚР Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп сапасыз қызметтер көрсеткені үшін байланыс операторларына айыппұлдарды ұлғайту бөлігінде заңнамаға түзетулер әзірледік. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, егер бұрын орнатудан бас тарту үшін келіспейтін бір адам жеткілікті болса, қазір пәтер иелерінің дауыс берген қатысушыларының жартысынан көбінің келісімімен базалық станцияны орнатуға келісім жинау рәсімі жеңілдетілді. Бұл операторларға еліміздің қалалары мен ауылдарындағы желілерді сапалы әрі жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр Асхат Оразбек.

Сонымен қатар, ол министрліктің халықтың кері байланысына ашық екенін және оны беру рәсімдерін жеңілдететінін хабарлады.

«Азаматтардың Интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты мәселелерін назарға ала отырып, «E-otinish» порталының басты бетінде «интернетке қатысты мәселелер» бөлімі пйада болды, онда әрбір азамат тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органға өз өтінішін қалдыра алады», – деп атап өтті вице-министр.

GSMA Intelligence деректері бойынша 2022 жылдың соңында әлем бойынша бір абоненттің мобильді трафикті орташа тұтынуы 12 Гб құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 17,2 Гб-қа тең. Қазақстандықтар Сингапур, Түркия, Италия және басқа да көптеген елдердің тұрғындарына қарағанда көбірек интернет трафигін жұмсайды. 5G енгізуді есепке алмағанда Қазақстанда мобильді трафик 2019 жылы 60%-дан, 2022 жылы 21% - ға дейінгі қарқынмен өсті және бұл тренд жалғасуда. Осылайша, 4G/5G мобильді желілеріне үлкен жүктеме түседеді.

2022 жылы ұялы байланыс операторларының абоненттері 4398 петабайтты құрайтын мобильді деректерді тұтынды. Ал 2023 жылдың 6 айында 2513 петабайт тұтынған.

Байланыс операторлары Интернетті пайдаланудың мұндай жоғары деңгейі және трафиктің тұрақты өсу динамикасы ел мен қоғам үшін оң прогресс тенденцияларын көрсететініне сенімді. Сервистердің қолжетімділігі және онлайн жұмыс, білім алу, басқа да коммуникациялар мүмкіндігі мемлекет дамуына тікелей жағымды әсер етеді. Яғни, интернеттің пайдасы мол деген сөз. 

Сергей Коньков, Tele2 / Altel Бас директоры:

«Біз абонентке шаққандағы трафик көрсеткіштерінің өсіп жатқанын байқаудамыз, және бұл жалғаса береді. Жалпы өзгермелі әлемдік үрдістерге ден қоя отырып, операторлар ретінде ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмысымыздың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Tele2/Altel желісінде трафиктің өсуі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрмсеткіштен 24% құрады. 5G технологиясын енгізе отырып, алдағы уақытта технологиялық өсуді көреміз, бұл елдің бизнесі үшін де, әрбір тұрғын үшін де – оқу, жұмыс істеу, коммуникация орнату, мазмұнды дүниелер жасау үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланған қазақстандық  креативті мамандар әлемдік деңгейде танымал болып, еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджіне өз үлестерін қосатынына сенімдіміз».

Нұрлан Мейірманов, «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі Бас директоры

«Біздің компания еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде интернет желісіне қосылған 1 млн 750 үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Бізге қосылған абоненттер желілердің мынадай түрлерін қолданады: 800 мыңнан астам абонент GPON оптикалық желісі, 900 мыңға жуық абонент ADSL технологиясы негізінде қосылған.

GPON технологиясының бір абоненті айына шамамен 316 ГБ тұтынады, ADSL технологиясының бір абоненті айына орта есеппен 205 ГБ тұтынады. Бұл үй шаруашылығындағы қалыпты орташа интернет тұтыну трафигі. Сонымен қатар, Facebook, Instagram, Whatsapp, Google (Youtube), Akamai (TikTok), Netflix және түрлі ойын қосымшалары (Valve, Tencent) барлық танымал әлеуметтік желілер мен мультимедиялық платформалар интернет трафиктің 75%-ын қамтып отыр. Осы қызметтерге қол жеткізу сапасын жақсарту үшін біздің ұйым осы компаниялармен тікелей жұмыс істеп, интернет трафигіне қатысты локализациялау жұмыстарын жүргізеді.  Қазақстанда локализацияланған ресурстардың жалпы көлемі 4 Тбит/с құрайды.

Біздің компания абоненттерді оптикалық желілерге ауыстыра отырып, мыс инфрақұрылымы негізінде ескірген ADSL технологиясын жаңартуға кірісті және 2024 жылдан бастап барлық қалалар бойынша ескі желілердегі абоненттерді көшіруді бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда 150 мыңға жуық үй шаруашылығы жаңа технологияларға өтті.

Сондай - ақ, біз мобильді интернет желісіне қол жеткізудің тағы бір ірі сегментін жаңғыртуға кірістік. 5G технологиясын енгізу – жиілік диапазонын 100 Мгц-ке дейін күрт арттыруға мүмкіндік береді, бұл радио желідегі трафиктің көлемін жоюға мүмкіндік береді, яғни сапа жақсарады деген сөз. Сонымен қатар, 1 ГГц-тен жоғары жиіліктерді пайдалану бізді әртүрлі физикалық кедергілер арқылы, әсіресе үй ішінде сигнал өткізгіштің толық тәуелділігіне әкелетінін түсіну керек. Ғимараттардың ішіне Indoor жабдықтарын немесе шағын ұяшықтарды орналастыру 5G технологиясының толық әлеуетін пайдалану үшін міндетті шарт болады. Яғни, адамдар көп шоғырланатын ғимаратты салмастан бұрын сәулетшілер, қала жоспарлаушылары, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс, энергетика және т. б. саласындағы реттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар байланысқа кедергі болмайтын мәселелерді ескеретін болады.

Сондай-ақ, интернет инфрақұрылымына түсетін жүктеме Қазақстанның еңбек нарығына да байланысты. Ашық дереккөздердегі ұйымдардың ақпараты бойынша 2021 жылы елде 1 млн-нан астам адам фрилансер болып жұмыс істеді. Бұл елдегі жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының шамамен 17% құрайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және экономиканы цифрландыру қашықтан жұмыспен қамту нысандарының қарқынды өсуіне әкелді деген қорытынды шығаруға болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің жетекші платформаларының жарнамасын жоспарлау құралдарында жарияланған деректер 2023 жылдың басында Қазақстанда 18 және одан жоғары жастағы 11,05 миллион қолданушы әлеуметтік желілерді пайдаланғанын көрсетеді, бұл осы топтағы халықтың жалпы санының 86,3% - на тең.

Сондықтан Қазақстанда әлеуметтік желілерде контент жасайтын шығармашылық бағыттар да дамиды, мысалы, ТМД-да оқырмандары бойынша ең жоғары TikTok жұлдызы Қазақстандық жасөспірім қыз. Үлкен аудиториялар өңірлердегі пайдаланушыларда да, тіпті ауылдық блогерлер де бар. Бұл мобильді интернет желілерін дамытудың ең көрнекті және ашық жолдарының бірі.

Мұның бәріне елде статистика бойынша Интернетке қол жетімділіктің жоғары деңгейінің арқасында қол жеткізіліп отыр. Операторлардың деректері бойынша желілерді қамту – ел халқының 97,36% құрайды, оның 85,1% LTE технологиясымен қамтылған (global Digital халықаралық есебіне сәйкес әлемде ғаламтор тұрғындарының 64,4% ғана Интернетке қол жеткізе алады).

Ұялы байланыс операторларының желісіне қосылу мәселесіне келетін болсақ, Global digital ұйымы біздің еліміз бойынша мынадай деректерді көрсетеді:

2023 жылдың басында Қазақстанда ұялы ұялы байланысқа жалпы саны 25,44 миллион қосылыс болған. Бұл халықтың жалпы санының 130,5% - на тең.

Салыстыру үшін: АҚШ-та 113,1%; Канада-98,5%; Түркия-94,5%; әлем бойынша– 105,6%

Айта кету керек, Қазақстанда интернетті құрылғылардың түрлері бойынша тұтыну мобильді құрылғыларға қарай айтарлықтай ауытқуды көрсетеді – 68% (АҚШ – та – 58%, Канадада-48%). Бұл мобильді желілерге түсетін жүктемеге байланысты.

Евгений Настрадин, «Beeline Қазақстан» Бас директоры:

«Телеком операторы ретінде біздің жұмысымыз абоненттің өмір сүру ыңғайлылығына тікелей әсер ететінін түсінеміз. Сондықтан интернет сапасын жақсартуға қаражат салуды тоқтатпаймыз. 2020-2023 жылдар аралығында Beeline Қазақстанның шығындары  200 млрд теңгеден асты. Бес жыл ішінде базалық станциялардың саны 90% - ға өсті, ал барлық техникалық инфрақұрылымға қызмет көрсететін адамдар саны 40% - ға өсті. Жыл сайын біз мыңдаған базалық станцияларды орнатамыз және жаңғыртамыз – мысалы, биылғы жылы 450 мың мобильді желі элементтерінің 90 мыңын ауыстырып, жаңарттық. Біз абоненттеріміздің сапасына риза болуы үшін базалық мұнараларды көбірек салуға және инвестициялауға дайынбыз".

Ағымдағы позицияларды және одан әрі даму мен өсуді қамтамасыз ету үшін ұялы байланыс операторлары айтарлықтай инвестиция салады. Бұл интернетпен қамту географиясының құрылысы мен кеңеюіне де, байланыстың жаңа буыны – 5G-ге көшуге де қатысты.

Осылайша, Tele2/Altel-де күрделі шығындардың тұрақты өсуі байқалады. Желіге тартылған инвестициялар 2020 жылдан бастап 2023 жылғы маусымға дейін 206 млрд.теңгені құрады. Биылғы жылы да үлкен өсім күтілуде, бұл 5G желілерін енгізуге байланысты– компания қазірдің өзінде еліміздің 10 қаласында бесінші буын желілерінің құрылысын бастады, сондай-ақ 4G желілерін жаңғыртуда.

2020 жылы коронавирустық пандемия басталғаннан бері Kcell компаниясының ауқымды шығындары жыл сайын орта есеппен 30% - ға өсуде.

 

Асхат Өзбеков, Kcell Бас директоры:

«Байланыспен қамту еліміздегі стратегиялық сала болғандықтан, өз тарапымыздан әлеуметтік жауапкершілікті сезінеміз. Біз экономиканың одан әрі дамуы, адамдардың әл – ауқатының өсуі, барлық аспектілерде адамдардың өмірін жеңілдететін қызметтердің одан әрі дамуы операторлардың жаңа технологияларды, инфрақұрылымды жаңғыртуына әкеледі. Бұған жан-жақты талдау қажет. Реттеуші орта мен қазақстандық операторлардың бірлескен күш жігері қысқа мерзімде ағымдағы сын-қатерлерді еңсеруге және Қазақстанның әлемдік технологиялық көшбасшылығына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін».

Сонымен қатар, жиі айтылмайтын аспектіні атап өткен жөн. Ол пайдалануға берілген әрбір базалық станцияның жұмысын қолдау шығындары.

Орташа алғанда, Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін операторлар жыл сайын 70 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсайды. Бұл шығындарға жалдау ақысы, трансмиссия, жөндеу жұмыстары және электр энергиясы және т.б. кіреді.

Олар жыл сайын өседі. Мәселен, мысалы, елдегі электр энергиясының құны 2022 жылдың 1 тоқсанынан 2023 жылдың 2 тоқсанына дейін 27% - ға қымбаттады. Салыстыру үшін бір базалық станция 20 пәтер сияқты электр қуатын тұтынады.

Яғни, желінің өзіндік құны инфляцияға (оның бес жылдағы жиынтық деңгейі 55%-5 құрады) және электр энергиясының тарифтерінің өсуіне байланысты, бағамдық ауытқулар жыл сайын өсуде, өйткені барлық жабдықтар шетел валютасымен сатып алынады.

Сергей Коньков:

«Tele2/Altel абоненттері үшін 2022 жылдың 1 тоқсанынан 2023 жылдың 2 тоқсанына дейінгі кезеңдегі сөйлесу минутының орташа құны ресми инфляция деңгейінен төмен, ал интернет қызметтерін тұтынудың үздіксіз өсуіне байланысты МБ-ның орташа құны 8%-ға төмендеді. Байланыс қызметтері үшін клиенттің орташа құны 16%, бұл инфляциядан төмен, ол ағымдағы кезеңде инфляция 26,8%  құрады.

Евгений Настрадин:

«Әртүрлі қоысмшаларды, әртүрлі бағыттағы контентті пайдалантын мобильді интернетті тұтынатын абоненттеріміздің табысы бар адамдар екенін түсінеміз. Сондықтан біз әр аудиторияға арналған нұсқаларды ойластырдық: зейнеткерлер мен мүгедектігі бар абоненттер үшін «әлеуметтік» тариф бар, бүкіл отбасыға арналған мәзірлемелер, интернетті белсенді пайдаланушылар үшін және мүлдем қажет емес адамдар үшін де арнайы тарифтер бар. Біз үшін кез келген клиент өз қажеттіліктеріне сәйкес келетін тарифті таба алуы маңызды».

Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының шығындарының өсуі бұл жалпы әлемдік тенденция, бұл туралы 2023 жылдың 5 мамырында жарияланған IDC ұйымының есебінде айтылған.

Онда тарифтердің өсуінің жаһандық үрдісі көрсетілген:

«Қалыптасқан макроэкономикалық ахуал, дағдарыс және инфляцияның жоғары деңгейі жағдайында бүкіл әлем бойынша провайдерлер тарифтерді көтере бастады. Бұл операциялық шығындар мен айтарлықтай қымбаттаған жабдық шығындарының орнын толтыру үшін қажет. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бағалауы бойынша инфляция кем дегенде 2025 жылға дейін сақталады, яғни телекоммуникация операторлары өз қызметтерінің бағасын көтеруді жалғастырады».

Қазақстандағы мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі болып қала береді. Осылайша, Internet Accessibility Index ұйымының деректеріне сәйкес, республика мобильді интернеттің төмен құны бойынша әлемнің 164 елінің арасында 5-ші орынды иеленді.  Бұл ретте ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың барлық тұтынушылық шығыстарынан байланыс қызметтеріне арналған шығыстардың үлесі небәрі 3,3 % құраған .

Салыстыру үшін: Құны мемлекет тарапынан қатаң бақыланатын басқа да коммуналдық қызметтер 2022 жылы тұтыну шығындарының 4,5% - дан 6% - ға дейін құрады, ал азық-түлік шығындары 50% - дан асты. Сонымен қатар, егер біз көпжылдық динамиканы қарастыратын болсақ, халықтың барлық тұтынушылық шығындарының байланыс шығындарының үлесі әрдайым аз болған, тіпті көрсеткіштің төмендеуі де байқалады. Жалпы алғанда, динамика тек 4,5% -3%-дар диапазонда өзгереді.

Бұл қолжетімділік деңгейін сақтауды жалғастыру оңай емес. Қазақстанның географиялық орналасуы интернетті және байланыс инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан кең аумақтық кеңістіктері бар аумағы жағынан үлкен елдерің болып табылады, сондықтан елдің бүкіл аумағын байланыс инфрақұрылымын және интернетті қамтамсыз етуде уақыт пен  сын-тегеуріндер айтарлықтай рөл атқарады. Елді мекендердің шалғай орналасуы және халқы аз аймақтарда байланыс желілерін салуды және қолдауды қиындатуы мүмкін.

Осы факторларды ескере отырып, Қазақстан Үкіметі мен байланыс операторлары еліміздегі интернет-инфрақұрылымды дамыту және кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Желілерді жаңғырту, интернетпен қамтуды ұлғайту және интернет байланысының сапасын арттыру жөніндегі жобалар географиялық орналасуына қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындары үшін Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Мұндай жобаның жарқын мысалы 250+ (Елді мекендердегі тұрғындар саны 250-ден асқандарға арналған бағдарлама).

Бүгінде бұл ұялы байланыс пен Интернетке қол жетімді мыңнан астам шалғай ауылдар. 250 + бағдарламасы аясында іске қосылған ауылдарындағы трафик тұрақты өсуде: 2023 жылдың наурызы мен маусымы аралығында трафик 20% - дан астам өсті. Бұл ретте мемлекеттік қызметтер мен банктік қосымшаларға жүгіну трафигі 31% - ға, ал медициналық сервистерге жүгіну трафигі 28% - ға өсті. Ал банктік қызметтер желіде ең танымал. 96% жағдайда ауыл тұрғындары банктік операцияларға байланысты онлайн қызметтерді пайдаланады. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі, клиенттерге қызмет көрсетуді жеңілдетеді және төлем опцияларын арттырады. Тиктоктағы трафик те айтарлықтай өскен: мұнда тек мазмұнды тұтыну ғана емес, сонымен қатар елден тыс жерлерде де танымал болып келе жатқан және әлемге Қазақстанды әртүрлі қырынан ашуға мүмкіндік беретін контенттер жасалуда. Көктемнің үш айындағы жалпы өсім 37% құрады, ал  контентті әлеуметтік желіге түсіру 34% - ға өсті.

Қазіргі уақытта байланыс нарығының алдында көптеген сын-қатерлер тұр, оның ішінде 5G желілерін дамыту, сигнал сапасын жақсарту үшін қамтуды кеңейту және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру. Операторлар ұялы байланыстың күрделілігіне қарамастан, елдегі байланыс сапасының артатынына сенімді.