Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

         Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті «Транстелеком» АҚ телефон кәбілдік кәрізді пайдалануға ұсынуға қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекітуге өтінімі бойынша жария тыңдаулар 2023 жылғы 5 қаңтарда сағат 15:00-де өтетіні туралы хабарлайды.

         Осыған байланысты, жоғары көрсетілген байланыс қызметтеріне тарифтің жобасын талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополия субъектілерін шақырамыз.

        Тыңдаулар, Microsoft Teams қосымшасы арқылы онлайн кездесу тәртібінде өткізіледі. Кездесуге сілтеме тіркелген қатысушыларға бөлек жіберіледі.

       Талқылауға қатысқысы келетіндерді тіркеу үшін 610-225 телефоны бойынша байланысуды немесе A.Pshenbayev@ttc.kz электрондық мекен-жайға өтінім жіберуді өтінеміз.

        Қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 28 желтоқсанға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.