Абоненттерге ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты ақпаратты ұсыну мақсатында байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес (ИИДМ-нің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығы, бұдан әрі - Қағида) ұялы байланыс операторларының бірыңғай «116» қоңырау шалу нөмірімен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі (бұдан әрі – Call-орталық) құрылды.
2025 жылдың қараша айында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұйрығымен (2025 жылғы 3 қарашадағы №554/НҚ, бұдан әрі – ЖИЦДМ бұйрығы) көрсетілген Қағидаларға абоненттердің күдікті қоңырауларға, оның ішінде ауыспалы ұялы және қалалық нөмірлерден шағымдарын қабылдауға қатысты ұялы байланыс операторының қолданыстағы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесінің функционалын кеңейтуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Ұялы байланыс операторына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі арқылы абоненттің өтініші келіп түскен кезде байланыс операторларымен 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі.
Шағымда көрсетілген фактілер расталған жағдайда байланыс операторы қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді бұғаттайтын болады.
Осылайша, кибер алаяқтық құрбандарына көмек көрсету үшін қолданыстағы Call-орталық негізінде қызмет жұмыс істейді. Бұдан әрі бұл қызметтің функционалдығы қажеттілікке орай одан әрі жетілдіріліп, кеңейтілетін болады.