Digital Qazaqstan 2026 форумы алаңында «Еуразияның цифрлық байланыстылығы: телеком-желілер және деректер инфрақұрылымы» панельдік сессиясы өтті.
Дискуссия барысында қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі және Қазақстанның транзиттік әлеуеті ретінде дамытуды талқылады.
Байланыс желілерінің эволюциясына - базалық және магистральдық инфрақұрылымнан бастап жаңа буын желілеріне дейін, деректерді берудің трансшекаралық маршруттары мен дата-орталықтарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық хаб ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Панельдік сессия қатысушыларының қатарында GSMA стратегияны дамыту жөніндегі директоры Таир Исмаилов (модератор), ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов, Халықаралық электр байланысы одағының ТМД өңірі бойынша өңірлік бөлімшесінің директоры Наталья Мочу, Freedom Cloud директоры Темірлан Зиналабдин, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейрманов сөз сөйледі.
«Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымдағы тәуелсіздігі — бұл меншікті хабты және деректерді берудің баламалы маршруттарын, соның ішінде Каспий теңізі арқылы дамыту болып табылады. Бұл ретте жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу телеком-инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты», - деп атап өтті ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды, халықаралық байланыс арналарын және дата-орталықтарды одан әрі дамыту Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтудың негізгі факторы болатынын баса айтты.
Қазақстан Байланыс саласындағы өңірлік достастық шеңберінде және Халықаралық электр байланыс одағымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында бірқатар халықаралық кездесулер өткізді. Радиожиілік спектрін басқару және спутниктік байланыс мәселелеріне арналған бұл шаралар Шымкент қаласында өтті.
Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 120-дан астам делегат қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік орган басшылары, халықаралық ұйым өкілдері мен салалық сарапшылар бар. Іс-шараны ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұйымдастырды.
Күн тәртібінде Радиожиілік спектрін және спутниктік орбиталарды реттеу жөніндегі комиссияның 29-шы отырысы, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының 56-шы отырысы өтті. Тараптар орбиталық-жиілік ресурсын тиімді пайдалану және халықаралық ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.
Ерекше назар 2027 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясына дайындыққа аударылды. Қатысушы елдер телерадио хабарларын тарату мен цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша тәсілдерді үйлестірді.
ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков бұл кездесулердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті:
«Байланыс саласындағы өңірлік достастық комиссиясы қатысушы елдер үшін стратегиялық мәнге ие. Бұл алаңда келісілген ұстанымдар қалыптасып, радиожиілік ресурсын тиімді пайдалану үшін нақты негіз қаланады. Қазақстан байланыс саласын жүйелі түрде дамытып келеді: 5G енгізу, ауылдық аумақтарды қамту және спутниктік инфрақұрылымды дамыту біздің негізгі басымдықтарымыз».
Сонымен қатар, Digital Bridge 2026 панельдік сессиясы өтіп, телекоммуникация саласындағы цифрлық трансформация мен инновациялар мәселелері талқыланды.
Кездесулер қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер мен ұсынымдар байланыс әкімшіліктері мен операторлардың қызметіне енгізіледі. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, радиожиіліктерді бөлу саласында елдердің мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай кездесулер Санкт-Петербург, Душанбе, Брест және Ереван қалаларында өткен.
Женева қаласында Халықаралық электр байланыс одағы (МСЭ) мен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Телекоммуникациялар — киберқауіпсіздіктің негізі» атты ақпараттық сессия өтті. Бұл маңызды жиынға цифрлық инфрақұрылым саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков сөз сөйлеп, еліміздің телекоммуникация саласы мен цифрлық тұрақтылығының басты даму бағыттарын таныстырды. Қазіргі таңда Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналу стратегиясын жүйелі түрде іске асырып келеді. Бұл бағыттағы жетістіктер де аз емес: республика БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орынға ие болып, Орталық Азияда онлайн-қызметтер көрсету бойынша көш бастап тұр.
Елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға басымдық берілуде. Мәселен, 2025 жылы «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданып, KazLLM ұлттық тілдік моделі іске қосылды. Ал 2026 жыл ресми түрде «Цифрландыру және ЖИ жылы» болып жарияланып, жүйелі бастамалар жалғасын табуда. Бұл инфрақұрылымдық даму қомақты инвестициялармен нығайтылып келеді: соңғы үш жылда байланыс саласына 2,5 млрд доллардан астам қаржы салынды.
Болашаққа жоспарланған ауқымды жобалардың қатарында «Қолжетімді интернет» бағдарламасы бар. Оның аясында 2027 жылға қарай халықты сапалы байланыспен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Direct-to-Cell секілді ғарыштық байланыс технологияларын сынақтан өткізіп, халықаралық интернет-трафик транзитіндегі өз үлесін 5%-ға дейін арттыруды мақсат етіп отыр.
Бұл сессияға қатысу - Қазақстанның МСЭ Кеңесіне мүшелікке кандидатурасын ілгерілету және елімізді цифрлық даму саласындағы сенімді серіктес ретінде таныту жолындағы маңызды қадам.
Женева қаласында Халықаралық электр байланыс одағы (МСЭ) мен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Телекоммуникациялар — киберқауіпсіздіктің негізі» атты ақпараттық сессия өтті. Бұл маңызды жиынға цифрлық инфрақұрылым саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков сөз сөйлеп, еліміздің телекоммуникация саласы мен цифрлық тұрақтылығының басты даму бағыттарын таныстырды. Қазіргі таңда Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналу стратегиясын жүйелі түрде іске асырып келеді. Бұл бағыттағы жетістіктер де аз емес: республика БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орынға ие болып, Орталық Азияда онлайн-қызметтер көрсету бойынша көш бастап тұр.
Елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға басымдық берілуде. Мәселен, 2025 жылы «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданып, KazLLM ұлттық тілдік моделі іске қосылды. Ал 2026 жыл ресми түрде «Цифрландыру және ЖИ жылы» болып жарияланып, жүйелі бастамалар жалғасын табуда. Бұл инфрақұрылымдық даму қомақты инвестициялармен нығайтылып келеді: соңғы үш жылда байланыс саласына 2,5 млрд доллардан астам қаржы салынды.
Болашаққа жоспарланған ауқымды жобалардың қатарында «Қолжетімді интернет» бағдарламасы бар. Оның аясында 2027 жылға қарай халықты сапалы байланыспен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Direct-to-Cell секілді ғарыштық байланыс технологияларын сынақтан өткізіп, халықаралық интернет-трафик транзитіндегі өз үлесін 5%-ға дейін арттыруды мақсат етіп отыр.
Бұл сессияға қатысу - Қазақстанның МСЭ Кеңесіне мүшелікке кандидатурасын ілгерілету және елімізді цифрлық даму саласындағы сенімді серіктес ретінде таныту жолындағы маңызды қадам.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет- алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.
Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда.
Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.
Сақ болыңыз!
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:
Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.
Астанада Starlink ұсынған Direct to Cell технологиясының техникалық аспектілерін талқылауға арналған воркшоп өтті. Бұл технология жерүсті байланысы жоқ жерлерде SMS және жеңіл деректерді (light-data) тасымалдау үшін төмен орбиталы жерсеріктер тобын пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, жерсеріктік байланыс пен жерүсті инфрақұрылымын біріктіру арқылы қолжетімділігі қиын және шалғай аудандарды қоса алғанда, 100% қамтуға қол жеткізуге болады. Қазақстан аумағында бұл технологияның провайдері ретінде Beeline Қазақстан компаниясы танылды.
Воркшоп барысында Starlink өкілдері аталмыш технологияның техникалық схемасын қатысушыларға таныстырды. Олардың қатарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері болды. Бұдан бөлек, қатысушылар Direct to Cell технологиясының түрлі өмірлік жағдайлардағы мүмкіндіктерін нақты кейстер негізінде талқылады. Мысалы, Калифорниядағы ауқымды өрттер кезінде бұл технология шұғыл және арнайы қызметтер үшін хабарландыру және байланыс құралы ретінде қолданылған.
«Қазақстан - аумағы үлкен ел, сондықтан Министрліктің басты міндеті - халықты қолжетімді байланыспен толық қамтамасыз ету. Starlink ұсынған Direct to Cell сияқты жерсеріктік технологиялардың пайда болуы байланыс ауқымын кеңейтуге және оның тұрақтылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Осыған байланысты барлық мүдделі тараптармен тығыз іс-қимыл жасай отырып, техникалық және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, технологиялық шешімдерді жүйелі әрі салмақты түрде пысықтау өте маңызды», — деді Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков.
«Қазақстанда Direct to Cell технологиясының пайда болуы — байланыс саласын дамытудың маңызды кезеңі. Қазақстаннің жер көлемі үлкен, бірақ халық тығыздығы біркелкі емес. «Жерсеріктер + жерүсті инфрақұрылымы» гибридті байланыс схемасы миллиардтаған тиімсіз шығындардың алдын алып, 100% қамту деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Осы маңызды әлеуметтік жобаны іске асыру – біз үшін үлкен мәртебе», — деді Beeline Қазақстан холдингінің президенті және СЕО-сы Евгений Настрадин.
Бұдан бұрын, 2026 жылғы 12 желтоқсанда ЖИЦДМ мен Beeline Starlink-тің Direct to Cell технологиясына алғашқы сынақ жүргізген болатын. Кәдімгі 4G смартфонын пайдалана отырып, тестілеу тобы жерсерік арқылы SMS алмасып, мессенджерде қоңырау шалды. Бұл күнделікті қолданыстағы құрылғылардың дәстүрлі байланыс желісі жетпеген жерде де байланыста бола алатынын дәлелдеді.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды.
Жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып, мобильді байланыс жоқ немесе тұрақсыз жұмыс істейтін автожол учаскелеріндегі «ақ дақтарды» жоюға бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жол бойында интернетті навигация үшін, шұғыл қоңыраулар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік және банк сервистерін пайдалануға мүмкіндік алады.
Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық маңызы бар жолдарда 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Келісім аясында «Транстелеком» АҚ жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Жоспарға сәйкес, жоба екі кезеңде жалпы ұзындығы 40 мың шақырымнан астам автомобиль жолын қамтиды. Жол бойындағы тұрақты байланыстың болуы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жедел қызметтердің әрекет ету жылдамдығын жақсартады, сондай-ақ көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйелері мен жол жағдайын мониторингтеу технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен мобильді байланыс базалық станциялары салынады. Бұл елдің негізгі көлік бағыттарында байланыстың қамту аумағын кеңейтіп, қызмет сапасын едәуір жақсартады.
Байланыстың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Транстелеком» АҚ салған инфрақұрылымды басқа ұялы байланыс операторларының пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл мобильді байланыстың қамту аймағын жедел кеңейтуге және таңдалған операторға қарамастан, барлық азаматтар үшін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Абоненттерге ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты ақпаратты ұсыну мақсатында байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес (ИИДМ-нің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығы, бұдан әрі - Қағида) ұялы байланыс операторларының бірыңғай «116» қоңырау шалу нөмірімен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі (бұдан әрі – Call-орталық) құрылды.
2025 жылдың қараша айында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұйрығымен (2025 жылғы 3 қарашадағы №554/НҚ, бұдан әрі – ЖИЦДМ бұйрығы) көрсетілген Қағидаларға абоненттердің күдікті қоңырауларға, оның ішінде ауыспалы ұялы және қалалық нөмірлерден шағымдарын қабылдауға қатысты ұялы байланыс операторының қолданыстағы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесінің функционалын кеңейтуді көздейтін түзетулер енгізілді.
Ұялы байланыс операторына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі арқылы абоненттің өтініші келіп түскен кезде байланыс операторларымен 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі.
Шағымда көрсетілген фактілер расталған жағдайда байланыс операторы қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді бұғаттайтын болады.
Осылайша, кибер алаяқтық құрбандарына көмек көрсету үшін қолданыстағы Call-орталық негізінде қызмет жұмыс істейді. Бұдан әрі бұл қызметтің функционалдығы қажеттілікке орай одан әрі жетілдіріліп, кеңейтілетін болады.
Астанада «Радиотолқындардың адам ағзасына әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ашық форматта ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, халықаралық ұйымдар, байланыс операторлары, өңірлік құрылымдар өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты азаматтарға радиотолқындар мен заманауи телекоммуникациялық технологиялардың адам денсаулығына ықпалы туралы ашық әрі түсінікті ақпарат беру, сондай-ақ бұл мәселені ғылыми деректерге, сараптамалық бағаларға және қолданыстағы санитарлық нормаларға сүйене отырып талқылау.
Бүгінгі таңда байланыс пен цифрлық технологиялар қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ұялы байланыс, интернет, 4G және 5G желілерінің дамуы өнеркәсіп, білім беру, қашықтан медициналық қызмет көрсету, «ақылды қала» жобалары сияқты көптеген салаларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Сонымен қатар жаңа технологиялардың адам денсаулығына әсері жөніндегі сұрақтардың да жиі көтерілуіне себеп болуда.
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті өкілдері цифрлық трансформация және азаматтар мен бизнес үшін қашықтан көрсетілетін қызметтердің артуы телекоммуникациялық инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіретінін атап өтті.
«Базалық станция мен абоненттік құрылғы арасындағы қашықтық сәулелену деңгейіне тікелей әсер ететін фактор: смартфон базалық станциядан алыстаған сайын, өз қуатын арттыруға мәжбүр болады. Ал базалық станциялардың жиі орналасуы, керісінше, абоненттік құрылғылардың сәулелену деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков
Дөңгелек үстелде радиофобия мәселесі де көтерілді. Сарапшылар бұл құбылыс мобильді байланысты дамытуға кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. GSM стандартындағы базалық станциялар тұрғын аймақтармен ұзақ жылдар бойы қатар орналасып келгеніне және денсаулыққа байланысты жаппай теріс әсерлер тіркелмегеніне қарамастан, кей өңірлерде радиофобия салдарынан базалық станцияларды алып тастау жағдайлары әлі де кездеседі. Мұндай шешімдер байланыс сапасының төмендеуіне алып келетіні айтылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары Қазақстанда электромагниттік сәулеленуге қатысты қатаң санитарлық нормалар қолданылатынын еске салды. Атап айтқанда, радиосигналдың рұқсат етілген шекті деңгейі 10 мкВт/см² болып белгіленген. Сонымен қатар Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, ғылыми және медициналық зерттеулерге кешенді метаанализ жүргізуді көздейтін жол картасын іске асыруда.
Халықаралық тәжірибе аясында электромагниттік өрістердің әсерін реттеу мәселелері Халықаралық электр байланысы одағының (ITU) өкілдері тарапынан таныстырылды. Спикерлер Қазақстанда қолданылатын нормалардың халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар қоғаммен ашық диалогты жалғастырудың, түсіндіру жұмыстарын күшейтудің және бұқаралық ақпарат құралдарының объективті әрі теңгерімді қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571- russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv- samim-zvonit- im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2 Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana- samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» деген сылтаумен қаскүнемдер азаматтарды олардың өздерін қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбейтін тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға жағдай жасайды.
Мыналарды ұсынамыз:
Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.
Қазақстан әлемдегі алғашқы елдердің бірі қатарында 2026 жылдың ақпан айынан бастап SpaceX компаниясының Direct-to-Cell (D2C) спутниктік байланыс технологиясын кезең-кезеңімен енгізуді бастайды.
Күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары барысында маңызды келіссөздер өтіп, елімізге әлемдік озық технологияларға жол ашатын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Солардың бірі Starlink компаниясының Direct to Cell спутниктік байланыс технологиясын енгізу туралы келісім.
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев, Beeline Қазақстан компаниясының президенті Евгений Настрадин және SpaceX (Starlink) компаниясының өкілдері Орталық Азияда алғаш рет Direct-to-Cell технологиясын сынақтан өткізді.
Сынақ кезінде Starlink спутниктік желісі мен Beeline Қазақстанның жерүсті мобильді желісі біріктіріліп, қарапайым ұялы телефон арқылы SMS-хабарламалар мен мессенджер арқылы қоңыраулар сәтті жіберілді.
Direct-to-Cell технологиясы қосымша құрылғыларды қажет етпей, стандартты мобильді телефонды тікелей спутникке қосуға мүмкіндік береді. Бұл дәстүрлі байланыс инфрақұрылымы жоқ дала, таулы және шалғай өңірлерде де байланыс қолжетімді болатынын білдіреді.
Технология кезең-кезеңімен енгізіледі: бастапқы кезеңде пайдаланушылар SMS-хабарламалар жібере алады, ал келесі кезеңдерде дыбыстық байланыс пен басқа да сервистер қолжетімді болады. 2027 жылы негізгі қызмет түрлерінің басым бөлігі іске қосылады деп жоспарлануда.
«Бұл бастама Мемлекет басшысының елді толық цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді. Барлық өңірде цифрлық қызметтердің сенімді жұмыс істеуі үшін заманауи байланыс арналары қажет. Спутниктік байланыс - осы архитектураның маңызды бөлігі.
Ең мағыздысы - әрдайым байланыста болу мүмкіндігі. Төтенше жағдайларда, шалғай өңірлерде немесе жолда бұл қызмет түрі шешуші рөл атқарады. Мұндай технологиялар цифрлық тұрақтылықты арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартады», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.
Бүгінгі таңда мұндай жобалар әлемнің санаулы елдерінде ғана жүзеге асырылуда. Қазақстан — Орталық Азияда Direct-to-Cell технологиясын сынақтан өткізген алғашқы мемлекет.
Бұл технология байланыс пен қауіпсіздік тұрғысынан ерекше маңызды. Ол құтқару және медициналық қызметтерге, туристер мен шалғай елді мекен тұрғындарына жерүсті желілері болмаған жағдайда да тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.