Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XX кезекті сессиясы өтті.

Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XX кезекті сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Дархан Амангелдіұлы облыстық мәслихат депутаттарының алдында «2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есеп және 2024 жылғы аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шаралардың қорытындылары бойынша баяндама жасады.

Сессия қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органның «2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есебіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы берген қорытындыны депутаттар бірауыздан қабылдады.