Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

2025 жылғы 19-30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындалып, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.